Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің айтуынша, бүгін еліміздің тек солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осыған байланысты аталған өңірлерде жаңбыр жауады, шығыста, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстан бойынша желдің күші – 15-23 м/с, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауады.
Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталады.
kyzylorda-news.kz