Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ЖСН беру жеңілдетілді

Қазақстанда ЖСН беру жеңілдетілді

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Instagram-дағы парақшасында Қазақстандық ХҚКО-ларда адамдардың топталуы мәселесі ішінара шешілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Ресейден келген азаматтар үшін «Жастар» сарайында ашылған ХҚКО-дағы жағдайды тексергенін айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, ХҚКО-лардың жүктемесін азайту үшін қазақстандықтар қызметтерді кедергісіз, штаттық режимде ала алады.

«Бүгінгі күнге дейін үрдіс келесідей болды: адамдар ХҚКО-ға келеді, құжаттарды ұсынады, олардың деректері базаға енгізіледі, ал келесі күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да уақытын алады», деді Бағдат Мусин.

Ведомство басшысы енді ЖСН SMM арқылы жіберілетінін айтты.

«Енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН адамдарға телефон нөміріне 1414 қызметінен СММ-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Осылайша, ХҚКО жүктемесіне қатысты мәселе ішінара шешілді деп айтуға болады», деді министр.
29 қыркүйек 2022 ж. 309 0