Сайлау - 2022: Ел болашағы біздің қолымызда

Ендігі кезекте барша қазақ халқы алда келе жатқан кезектен тыс Президент сайлауын асыға күтуде. Еліміздің әрі қарай да дамуы жолында бейбіт аспан астында өз таңдауларын жасамақ. Алдағы сайлау барысында Президенттікке кандидатқа түсетін азаматтарға да талаптар қойылды.
Атап өтер болсақ, кандидат тумасынан ҚР азаматы болуы тиіс, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді терең меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, жоғары білімді, сонымен бірге мемлекеттік қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар және белсенді сайлау құқығына ие азамат болуы тиіс. Аталған талаптар дұрыс және орынды екені көрініп тұр. Себебі ел болашағы үшін кез келген адам Президент бола алмасы анық. Ал мемлекет келешегін жақсарту халықтың да қолында.
Алда келе жатқан сайлауға барлығымыз белсенді түрде атсалысып, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосқанымыз жөн. Әр азаматтың дауысы маңызды. Сол үшін сіз де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз таңдауыңызды жасауға лайықсыз.
А. Сәкенқызы