Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кезесті

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кезесті

Сапақ ауылдық округінде ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің ауыл тұрғындарымен кездесуі ұйымдастырылды. Мұнда Президент Жолдауында айтылған ауылшаруашылығы үшін жасалатын мүмкіндіктерге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Бірыңғай цифрлық платформа турасында сөз қозғалды.
Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды мәселелердің бірі екендігі белгілі. Жолдауда осыған байланысты былай делінген: «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр». Ал бірыңғай цифрлық платформаның артықшылығы – осы ақпараттардың бәрін бір жерге жинақтау. Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы есепсіз шаруа біршама оңтайланып, егіннен түскен өнім де еселене түсетін болады.

Кездесу соңында «еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет» деген тұжырым жасалды. Ауыл шаруашылығындағы оң өзгерістер Сапақ ауылдық округінің тұрғындарын айрықша қуантты.
Жиын соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Жолдау жүктеген мақсаттар мен міндеттердің өз деңгейінде орындалуына үлес қосу керек» деген үндеу жасады.

"Толқын" ақпарат
13 қазан 2022 ж. 332 0