Жаңалыққа толы Жолдау ауылдағы ағайынды ерекше қуантты
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Шөмішкөл елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға ақша бөлінуі, бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақының 1,5 жылға дейін созылуы, ең төменгі жалақының жоғарылауы секілді мақсат-міндеттерді ауыл тұрғындары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жағымды тұстары деп бағалады.Сонымен қатар, Президент Жолдауда келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырғанын айтып өткен болатын. «Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған», - деп баса мән беріп өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Нақтырақ айтар болсақ, алдағы екі жылда елді мекендердегі емдеу мекемелерінің қатарын көбейтіп, медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынады. Бұл жаңалық та елді мекен тұрғындарын ерекше қуантты.
"Толқын" ақпарат







