Жолдау – мақсатқа жетудің қарапайым жолы

Президентіміз өз Жолдауында былай деген болатын: «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс».
Сазды ауылының тұрғындары ауыл шаруашылығына субсидия бөлу мәселесінің жолға қойылуын Жолдаудағы жағымды жаңалықтардың бірі деп қарастырды. Олар осы тақырып аясындағы сауалдарын ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне қойып, ой алмасты.
"Толқын" ақпарат