Балабақша қызметкерлері жолдауды қолдайды

Бүгінде еліміздегі екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады екен. Жолдауда мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын ескере отырып, «балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет» деген нақты тапсырма берілді.
Сонымен қатар жиында тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, жалақысын көбейту мәселесі де назардан тыс қалмады. Балабақша қызметкерлері бұл бастамаға ерекше қуанғандарын жасырмады.
«Сондай-ақ алдағы мақсаттардың бірі - сала мамандарына қойылатын талаптарды нақтылау. Осы орайда балабақшаларды емес, тәрбиешілерді аттестациялау қажет» деді ақпараттық-насихаттық топ мүшелері. Олардың жұмыс жүктемесін азайту да балабақшалардағы білім мен тәрбие сапасын арттыратыны туралы айтылды.
Балабақша қызметкерлері Жолдауда қойылған міндеттердің белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуына өз үлестерін қосатынын жеткізді. Олар біраузыдан ертең ел болашағына айналатын бүгінгі бүлдіршіндердің саналы тәрбие, сапалы білім алуы үшін қызмет ететінін айтты.
"Толқын" ақпарат