Ауыл тұрғындары Жолдауды қолдайды

Кездесудің мақсаты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың" Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауын талқылау, алда келе жатқан Президенттік сайлауы туралы пікірлерін ортаға салу болды.
Жиын барысында әртүрлі салада еңбек етіп жүрген ауыл тұрғындары Жолдау туралы пікірлерін жеткізіп, ел Тәуелсіздік алған жылдардан бастап өтіп жатқан сайлаулар туралы ой қозғап, ендігі өтетін саяси доданың маңызына тоқталды.
Тақырып бойынша пікір алмасып, үлкен науқанның өтуіне біркісідей атсалысып, әр қазақстандық тұрақтылық, бірлік, бейбітшілік аясына тоғысу қажет екендігін айтып тарқасты.
"Толқын" ақпарат