Саяси трансформация – жемқорлықпен күрестің тиімді жолы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 16 наурызында «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» тақырыбындағы Жолдауын жолдады.
Мемлекет басшысының бұл жолдауы Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға, саяси трансформациялауға бағытталған.
Президентіміз бұл Жолдаудың мән-маңызы айрықша екендігін, ауқымы кең, мазмұны бөлек, Жаңа Қазақстанды құрудағы биік мақсаттарға негізделгенін жеткізді. Сонымен қатар, халыққа бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек екенін нақтылады.
Жолдауда Қазақстан Республикасының жүйесіндегі кейбір кемшілік тұстары және алдағы уақытта ешқандай заңсыз іс-әрекеттерге жол берілмейтіні туралы баяндалды.
Жаңа Қазақстанды құру туралы Жолдау негізінен еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың тамырын кесуге бағытталған, яғни ендігі жерде шағын ғана топтың шалқып өмір сүруі тоқтатылады. Бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ қызметті қалыптастыру көзделуде. Осы мақсатта Мемлекет басшысы нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді.
Жолдауда алға қойылған міндеттер, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің тынысына жаңа серпін алып келетіні мәлім.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алмау үшін өтініштер арнайы электронды порталдар арқылы қабылдануда, мемлекеттік қызметкер мен мемлекеттік қызмет алушы арасында максималды түрде қарым-қатынасты шектеу жолдары қарастырылған. Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері, сыбайлас жемқорлық фактілері немесе тәуекелдері орын алған жағдайда, 2-16-44 «Сенім» телефонына немесе 1424 нөміріне хабарласуыңызға болады.
А. Балшамбаева,
Арал аудандық СЭББ басшысының міндетін атқарушы