Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар Жолдауға қолдау білдірді

Аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар Жолдауға қолдау білдірді

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтармен кездесу өткізді. Жиында жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру турасында талқылау жасалды.
Жолдауда жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру қажет екені айтылған болатын. Осыған байланысты мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту ұсынылды.
Сонымен қатар жиында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау үшін 2024 жылдан бастап жаңа, түсінікті әрі ықшам ережелердің қолданысқа енгізілетіндігі хабарланды. Ал кәсіпкерлерге жер телімін бөлуді жыл соңына дейін ашық әрі жедел түрде жүзеге асыру керектігі айтылды.
Аудандағы өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар Жолдаудағы бастамаларға оң көзқарастарын білдіре отырып, мақсат-міндеттердің лайықты дәрежеде орындалуы үшін үлес қосатынын жеткізді.

"Толқын" ақпарат
20 қазан 2022 ж. 295 0