Аудандық штаб мүшелері Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Жаңа экономикалық бағдардың негізгі басымдықтарының бірі жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру екені Жолдауда айтылған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту керек» деп атап өткен еді. Кездесуде осы төңірегіндегі мәселелер қозғалды.
Сондай-ақ биылғы Жолдауда жастардың кәсіпкерлік бастамаларына да ерекше қолдау көрсетілетіні айтылған. Нақтырақ тоқталсақ, жас кәсіпкерлерге берілетін шағын несиенің жылдық өсімі 2,5 пайызды құрамақ. Кент тұрғындары бұл бастаманы қуана қабылдады. Содан соң жиынға келушілер аудандық штаб мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
