Ел Президентінің Жолдауы қоғамда ерекше серпіліс тудырады
Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ҚР Президенті Жолдауын түсіндіру мақсатында аудандағы көше комитетінің төрағаларымен кездесті.
Бес бағыттан тұратын «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдау оң бастамаларға толы. Атап айтар болсақ, Жолдаудағы негізгі бағыттар еліміздің экономикасын нығайтуға, жекелеген секторларды дамытуға, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция жасауға, мемлекеттік басқару ісін жаңартуға, заң мен тәртіп мәселелерін қайта қарауға бағытталып отыр.
Жолдауда «Елдің ең басты құндылығы – адам» деп айрықша аталып өткен. Кездесуге келушілер де халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған кез-келген бастаманы қуана қабылдады. Оның ішінде Ұлттық Қордан балаларға арнайы қаржы бөлінуі, бала күтіміне арналған жәрдемақы мерзімінің ұзартылуы, денсаулық сақтау, білім беру жүйесін оңтайландыру мәселелері бар. Әрі олар Жолдау төңірегіндегі мақсаттардың жүзеге асуына үлескер болатындарын жеткізді.
"Толқын" ақпарат