Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау бейтарап байқаушылардың назарында болады

Сайлау бейтарап байқаушылардың назарында болады

Бұл туралы бүгін Партиялық емес байқау орталығының брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифинг барысында Президент сайлауын қоғамдық бақылауға қатысты мәселелер талқыланды.

«Қазақстаннаң барлық өңірінде штабтарымыз құрылды.Бүгінде байқаушыларға 80 мыңнан астам онлайн, оффлайн форматта оқыту жұмыстары жүргізілді. Себебі, сайлаудың әділ өтуі бәрімізге маңызды. Қазіргі таңда үміткерлердің сайлауалды штаб төрағаларымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу тәртібін назарымызда ұстап отырмыз. Партиялық емес байқау орталығы 20 қараша күні барлық сайлау учаскелеріне өз құқығын білетін, әділ бақылаушылар жіберетін болады»,-деді партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов.

Бақылаушылар өзіміздің әлеуметтік желі арқылы іріктелетін болады дейді спикер. Және олардың мамандығы маңызды болмайды. Сайлау барысында заң бұзушылық орын алғанын көрсеңіз, осы бақылаушыларға жүгінсеңіз болады.

«Заң бойынша бір ұйымнан бір ғана байқаушы болады. Әртүрлі жағдайдың орын алуына байланысты,біз қосымша резерв қарастырып отырмыз. Бақылаушыларымыз таңғы 6:00-ден учаскелерге кіріп, сайлау науқаны аяқталып, хаттама көшірмесін алып шығуға міндеттеледі»,-деп қосты ол өз сөзіне.

Қазіргі таңда байқаушылардың жас мөлшері жасарды деп айтуға болады. Сөз соңында биылғы сайлауға байқаушы болуға жастар көп қызығушылық танытып отырғанын айтты.
27 қазан 2022 ж. 239 0