Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік қызметкерлер спорт түрлерінен сайысқа түсті

Әлеуметтік қызметкерлер спорт түрлерінен сайысқа түсті

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні болып бекітілген.
Қазіргі таңда ауданда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда 101 қызметкер жұмыс жасауда.
Кәсіби мерекеге орай әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері арасында спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Спорттық жарыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып: -«Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде қаншама қиын жағдайға душар болған азаматтар қолдау тауып, еңселерін тіктеуде. Мұндай игілігі мол қызметтеріңіз құрметке әбден лайық. Күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, қызметкерлердің команда болып, спорттық сайыстарда сынға түсуі көпке үлгі боларлық жағдай.»-деп қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандағы әлеуметтік қызметкерлер спорттың волейбол, арқан тарту, гір көтеру, асық ату, бес тас, қол күрес және эстафета түрлерінен өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен «Сұңқар» тобы жеңімпаз болып табылса, «Достық» тобы жүлделі II орынды, «Арал қаласына 95 жыл» тобы III орынды иеленді.
"Толқын" ақпарат
28 қазан 2022 ж. 929 0