Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Махаббатта жолыңыз болмай жүрсе...

Махаббатта жолыңыз болмай жүрсе...

Өзіңізді аяуды доғарыңыз

Біріншіден, сіз өзіңізді аяуды тоқтатуыңыз керек. Психологияда «өзін жәбірленуші көру синдромы»  туралы көп айтылады, бірақ көпшілік бейсаналы түрде осы күйге бейім келеді. Оның орнына проблемаларыңыз үшін әлемді кінәлауды тоқтатып қана қоймай, өз іс-әрекеттеріңізге жауапкершілікпен қарауды, оларды талдай білуді үйрену маңызды. Осыны түсіне отырып, сіз келесі жолы дұрыс әрекет етуді үйренесіз.

Серігіңізден не күтетініңізді анықтап алыңыз

Бұл жерде адамның өзіне адал болуы және өзін-өзі алдаумен айналыспауы маңызды. Әрине, адамдардың көпшілігі отбасын құруды қалайды және сүйген жарымен өлгенше бірге болғысы келеді. Ал өмір бойы бірге үйлесімділікте болу үшін қасыңыздағы адамның бойында қандай қасиеттер болғанын қалайтыныңызды саралаңыз.

Жағдайды қабылдай алуды үйреніңіз

Әрине, махаббаттан жолы болмаған адам мұңға батады. Бірақ сіз қасыңызда ешкім болмаса да бақытты бола білуді үйенуіңіз керек. Өз-өзімен гармонияда бола алмайтын адам, махаббатта да ондай күйді толық сезіне алмайды. Жұбына ештеңені міндеттемей толыққанды өмір сүретін адамның ғана өзіне керек адамды жолықтыру мүмкіндігі жоғары.

massaget.kz
30 қазан 2022 ж. 286 0