Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЦЖ ревакцинациясы қауіпсіздік құралы

БЦЖ ревакцинациясы қауіпсіздік құралы

Сөздің ашығы қазіргі уақытта халықтың көпшілігі БЦЖ ревакцинасына деген түрлі көзқараста. Бірі қаласа, енді бірі қарсы пікірде. Баласына бұл вакцинаны салдыруды қолдамайды. Көршілес Ақтөбе облысындағы тұрғындардың даулы жағдайы да осының көрінісі. Тек бұл аймақта ғана емес, аудан жұртшылығының арасында БЦЖ ревакцинасына қарсылар бар. Ал шындығында бұл вакцина қандай мақсатта салынады. Сол жайлы аудандағы фтизиопедиатр, жоғарғы санатты дәрігер Ляйля Жұмахметовадан сұрағанбыз.– БЦЖ ревакцинациялауды алдыңғы манту сынамалары теріс нәтижелі 6 жастағы (1 сынып) дені сау балаларға жүргізіледі. Ол біріншіден туберкулезден сенімді қорғауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы түсінік берер болсақ патогенді әсері жасанды тірі туберкулез микобактерияларының БЦЖ вакцинасы штамын түзе отырып, вакциналарға қойылатын барлық талаптарына сәйкес келеді. Оның тиімділігі мынада. Вакцина егілген бала ағзасында туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптасады. Туберкулезбен аурушаңдықты және өлімді төмендетіп, менингит, милиарлы туберкулез, казеозды пневмония секілді ауыр түрлерінің алдын алады. Сондай-ақ манту сынамасы балаларда туберкулез таяқшаларымен зақымдалуды және туберкулезбен науқастарды дер кезінде анықтау үшін өте пайдалы. Тағы да айта кету керек, бұл екпе емес, қауіпсіз диагностикалық тест деп түсіну қажет. Манту сынамасының 2ТЕ нәтижесі инъекцияны енгізгеннен 72 сағаттан кейін бағаланады. Соның нәтижесіне қарай манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинация аралығы 3 күннен кем және екі аптадан артық болмауы тиіс, – дейді.Расында бұл туберкулезге қарсы ең жақсы құрал. Сырқатыңызды анықтап және қалай қөмектесе алатынын білуге көмектеседі. Олардан бас тарту баланың денсаулығына әсер ететін белгілі-бір салдардың көріністеріне әкелу қаупі бар. Бүгінде мемлекеттің басты назарындағы мәселе ана мен бала денсаулығы болып отыр. Сондықтан ата-ана ретінде балаларымыздың денсаулығына біз де жауапты екенімізді ұмытпағанамыз жөн.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
02 қараша 2022 ж. 372 0