Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық шарттарды құқықтық насихаттау

Халықаралық шарттарды құқықтық насихаттау

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
Сонымен, еліміздің заңнамасынан мемлекетіміз ратификациялаған халықаралық шарттардың басымдығын аңғарамыз. Осы тұста елімізде ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңына мән беру маңызды деп есептеймін. Барлық халықтар өзiнiң мемлекеттік құрылысын өздерi шешуге құқылы. Осы құқық бойынша олар өз елiнiң саяси мәртебесiн еркiн белгiлеп, оның экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуын еркiн түрде қамтамасыз етедi. Барлық халықтар алдарына қойған мақсат-мұраттарына жету жолында халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан туындайтын, өзара тиiмдiлiк қағидаттары мен халықаралық құқыққа негiзделген қандай да болсын мiндеттемелерге нұқсан келтiрместен, өз елiнiң табиғи байлықтары мен ресурстарын еркiн игере алады. Бiрде-бір халықты меншiгіндегі тiршiлiк етуге қажеттi заттардан еш уақытта айыруға болмайды. Осы Пактiге қатысушы мемлекеттердiң бәрi, соның iшiнде өзiн-өзi басқарушы емес және қамқорлығындағы аумақтарды басқаруда жауапты мемлекеттер де, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес, мемлекеттік құрылысын өзi шешу құқығын жүзеге асыруын көтермелеуге және ондай құқықты құрметтеуге тиiс. Осы Пактiге қатысушы әрбір мемлекет, осы Пактiде танылған құқықтарды өзiнiң аумағының шегiнде және юрисдикциясына қарасты аумақта тұратын барлық жұртты нәсiлiне, түр-түсiне, жынысына, тіліне, дiнiне, саяси, немесе басқа да наным-сенімiне, ұлттық немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жәй-күйiне, туу немесе өзге де жағдаяттарына қарамастан, еш алаламай аталған құқықтарды
құрметтеуге және қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Мұндай мiндеттер қолданыстағы заң жүзiнде, немесе басқа шаралар түрiнде ескерiлмеген жағдайда, осы Пактiге қатысушы әрбір мемлекет, өзiнiң конституциялық процедуралары мен осы Пактiнiң ережелерiне сәйкес, осы Пактiде танылған құқықтарды жүзеге асыру үшiн қажет болатын заң шығару немесе басқа да шараларды қабылдау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мiндеттенедi. Осы Пактiге қатысушы әрбір мемлекет: а) осы Пактiде танылған құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез-келген адамға, олардың құқықтары мен бостандықтарын ресми тұлғалар бұзған күннiң өзiнде де, тиiмдi құқықтық қорғау амалын қамтамасыз етуге; б) құқығын қорғауды талап еткен кез келген адамның құқықтық қорғау құқығы мемлекеттік құқықтық жүйесiмен көзделген құзыреттi сот, әкiмшілік, заң шығару билiктерi немесе басқа құзыреттi орган арқылы белгiленуiн және сот арқылы қорғалу мүмкiндiгінiң дамуын қамтамасыз етуге; с) құқықтық қорғау құралдары берiлген күнде, оларды құзыреттi өкiмет орындарының пайдаланып қолдануларын қамтамасыз етуге мiндеттенетіндігі көрсетілген.
А.Сершеева,
Арал аудандық сотының бас маманы.
29 қараша 2018 ж. 1 168 0