Толқын » Қоғам » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА АРАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА АРАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
Бүгін Байқоңыр қаласында Арал өнімдерінің ауыл шаруашылығы өткізілуде. Тоқшылық тойына теңізді өлкеден 15 тонна балық, 5 тонна ет, жарты тонна тауық еті, 5 тонна асқабақ, 200 келіге жуық құрт, ірімшік, сүт өнімдері, бақша дақылдары және тағы да басқа азық-түліктер апарылды. Жалпы жәрмеңкеге шығарылған өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен Байқоңыр қаласының тұрғындарына ұсынылуда.
Арал шаруаларының өнімдеріне деген тұтынушылардың сұранысы өте жоғары. Жыл сайын Байқоңыр қаласында Арал өнімдерінің жәрмеңкесі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.