Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация мәмілеге келтірді

Медиация мәмілеге келтірді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның жауапкер К-дан баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.
Талап қоюшы талабында, қазіргі уақытта жауапкермен бірге тұрмайтындығын, заңды некеден үш жасқа толмаған баласы барын, баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейтіндігін, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкер өз еркімен көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, баласы үш жасқа толғанша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер баласы үш жасқа толғанша ай сайын талап қоюшымен өз ара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.
Айта кету керек, Елімізде медиация тәртібі іске қосылған шақтан бастап көптеген даулы мәселе сотқа дейін оң шешімін тауып келеді. Бұл да отбасы құндылықтарын сақтап қалуға негіз болып отыр. 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қараша 2022 ж. 329 0