Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрек қан тамыр ауруларын асқындыратын себептер

Жүрек қан тамыр ауруларын асқындыратын себептер

Шылымның зияны жайлы біле тұра дәл осы тәуелділікті тоқтата алмай жүргендер қаншама. Будақтаған түтіннің адам ағзасына кері әсері көп. Соның бірі – жүрек қан тамыр ауруларын көбейіп отыр. Аталған ауру жайында зерттеу жасаған tolqyn.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі темекінің дертті асқындырудың басты себебі екендігін айтады. 
Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жүрек-қан тамырлар жүйесі күрделі ауруларынан туындаған өлім-жітім саны күн сайын өсуде. Тіпті, болашақта бұдан да ары өршіп кетуі мүмкін. Жүрек қызметінің бұзылуы барлық жүрек ауруларының негізгі көрінісі болуы мүмкін. Мұндай көңілге кірбің ұялатар үрдістің қалыптасуы негізінен қазіргі заманғы өмір салтына тікелей байланысты болып отыр.
Жүрек – адам ағзасындағы матор қызметін атқаратын ағза. Маторы сыр берген техникасынң ғұмыры ұзаққа бармайтын сынды адамның да жүрегінде ақау пайда бола бастағанда барлық ағзаға әсер етпей қоймайды. Медицинада жүрек қана тамыр ауыруларының бірнеше түрі бар. Жүрек қан тамырларының жарылуы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуынан пайда болды. Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы байқалады. Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы және ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы пайда болатын ауру түрі. Туа біткен жүрек ауруы ол баланың дүниеге келген шағынан байқалады. Жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы ауруына әкеп соқтырады. Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.
Абай ауылдық емханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Сәпи Бақыт өзінің 6 жылдық еңбек тәжірбиесінде мұндай ауру түрімен жиі ұшырасқанына айтады. Күнделікті қабылдауындағы адамдардың жартысынан астамында талған ауру белгілері байқалатын көрінеді.
– Қазіргі таңда артериальды гипертензия сырқаты жүрек қан тамыр жүйесіндегі жиі кездесетін әрі зардабы көп ауру болып табылады. Науқастардың өз-өзін күтпеуі, кезекті медициналық тексерулерден өтпеуі біріншілік артериальды қан қысымын өткізіп алады. Нәтижесінде түрлі асқынуларға әкеп соқтырады, – дейді дәрігер.
Шылым шегушілер көбіне, темекі тарту арқылы ішкі күйзелісін сыртқа шығарып отыратыны белгілі. Осылайша, жүрек және қан тамырларының өлімге әкелетін ауруларын өршітуге сөзсіз себепші факторлар туындайды. Сол сияқты холестерин мөлшерінің көбеюін адамда ең маңызды жасуша құрайтын май ретінде қарастыруға болады. Адам ағзасындағы ақуыз-май қосылыстары денедегі «зиянды» холестерин мөлшерін жинақтайды. Сонымен қатар, ақуыз-майлы қосылыстарының тығыздығы төмендейді,артық салмақ, артериалды қысымның артуы, гипертензия,қант диабеті – инсулиннің жеткіліксіз бөлуінен туындайтын ауру,қозғалыс бәсеңдігі, майлы тағамдарды үнемі тұтыну, күйзелісті жиі бастан кешіру.Егер осында аталғандардың қандай да бір тармақшасы  сіздің жеке басыңызға қатысты болса, онда бірден жүрегіңіздің ахуалына назар аударуыңыз қажет. Мұндай жағдайда, міндетті түрде маман кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Жүрек қан тамыр ауруына шалдыққан адам бұған би жәй қарауға болмайды. Оның соңы өлімге әкеп соқтыруы бек мүмкін.
–Артериальды қан қысымы тіпті 200 мм/сбб асып жатады. Науқас тағайындалған ем домын уақытылы қабылдамайды. Маман кеңесін алуға тұрақты келмейді. Сол себепті, қан қысымы қатты көтеріліп, ми тамырлаты зақымданады. Бұл аяқ-қолдың салдануына әкеп соқтырады, – дейді Бақыт Бақытжанқызы.
Уақытылы диагностикадан және емдік курстан бас тартудың соңы қиын жағдайға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Есіңізде болсын, дер кезінде емделмегеннің салдары өте қауіпті болады.
21 қараша 2022 ж. 711 0