Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық адвокаттар алқасының қатысуымен жедел мәжіліс өтті

Облыстық адвокаттар алқасының қатысуымен жедел мәжіліс өтті

Облыс прокурорының орынбасары Мырзабаев Бахытжан Абдужаппарұлының төрағалығымен үстіміздегі жылдың 23 қараша күні «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңын талқылау және қылмыстық процесте адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында жедел мәжіліс өткізілді.
Жедел мәжіліске облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Даубалаев Мейрбек Тилләбекұлы мен алқа мүшелері қатыстырылды.
Оның барысында қылмыстық қудалау органдарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру барысында туындаған мәселелер талқыланып, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында іс-шаралар белгіленді.
Атап айтқанда, адамдардың қылмыстық қудалау органдарына негізсіз жеткізілуін болдырмау, жеткізу мен ұстапалу кезінде Қылмыстық процестік кодекстің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтарды білікті заң көмегімен қамтамасыз бағытында бірлесіп әрекет жасау мәселесі көтерілді.
Сонымен қатар «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңының ерекшеліктері талқыланды.
Нақты алғанда, қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметін нығайтуды талап етеді.
Осыған сәйкес« Прокуратура туралы» Конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құралдар мен тетіктер бекітілді.
Конституциялық заңға сәйкес Бас Прокурордың Конституцияға ресми түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасау өкілеттігі берілген.
Бұдан бөлек, прокурор актілерінің жүйесі қылмыстық қудалау саласындағы актілермен толықтырылып, прокурорлық қадағалау актілерінің жүйесі кеңейтілді.
Бұл актілер азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін жылдам қорғау мақсатында қолданылатын болады.
Конституциялық заң жобасы тұтастай алғанда елдегі заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешуге бағытталған.
23 қараша 2022 ж. 370 0