Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

КЕШЕ АУДАН ӘКІМДІГІ ҒИМАРАТЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС 27-ШІ СЕССИЯ БОЛЫП ӨТТІ. СЕССИЯҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН ҚАЛА ӘКІМІ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ, КЕНТ ӘКІМДЕРІ МЕН МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Жалпы күн тәртібінде 11 мәселе қаралған болатын. Атап өтер болсақ, «2022-2024 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №183 шешіміне өзгеріс енгізу туралы қала әкімі Е.Тәлекенов баяндады. Сонымен бірге көлік, мүлік, жер салығы мен елді мекендердегі санитариялық тазалығын қамтамасыз ету жөнінде айтты. Алда келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай қаланың безендірілу жұмыстары жөнінде де сөз қозғады. Мұнан соң «2022-2024 жылдарға арналған Сексеуіл кентінің бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №184 шешіміне өзгерістер енгізу туралы кент әкімі С.Төрешов хабарлама жасады. «2022-2024 жылдарға арналған Жақсықылыш кентінің бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы желтоқсан айындағы №185 шешіміне өзгеріс енгізу жайында кент әкімі П.Берсүгіров баяндады. Кентті абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстары туралы да айтып өтті. Сондай-ақ «2022-2024 жыл - дарға арналған Аққұм ауылдық округінің бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың аталған күнге байланысты №189 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ауылдық округ әкімі Н.Жандаулетов хабарлама жасады. Мұнымен бірге «2022-2024 жылдарға арналған Атанши ауылдық округінің бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың өткен жылғы 29 желтоқсандағы №190 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ауылдық округ әкімі Б.Дәулетжанов баяндап өтті. «2022-2024 жылдарға арналған Бөген ауылдық округінің бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №193 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ауылдық округ әкімі Ш.Андызбаев хабарлады. Сонымен қатар «2022-2024 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың өткен жылғы желтоқсан айындағы №198 шешіміне өзгеріс енгізу туралы ауылдық округ әкімі Ж.Жалғасбеков баяндады. «2022-2024 жылдарға арналған Қамыстыбас ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №2021 шешіміне өзгеріс енгізу бойынша аталған ауылдық округ әкімі А.Исаев хабарлама жасады. Мұнымен қоса, «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 16 сәуірдегі №148 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов баяндады. Сонымен бірге аудандық мәслихаттың хатшысы Базарбай Шөменұлы аудандық мәслихаттың депутаты Темір Алдажұмаұлының депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы хабарлады. Кезектен тыс сессияда аталған жұмыстар депутаттар тарапынан мақұлданып, оң шешімін тапты. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев биылғы жылдың соңғы сессияларының бірі екендігін айтып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқандарына алғыс білдірді. Аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын да сөзге тиек етіп, алдағы уақытта тез әрі сапалы сессияларда жүздесетінімізге сенім білдірді.
06 желтоқсан 2022 ж. 568 0