Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Желтоқсан айының басынан бастап елімізде коронавирус инфекциясы деңгейінің өсуі байқалуда. Республика бойынша 2022 жылдың 5 желтоқсанында коронавирус инфекциясының 142 жағдайы тіркеліп, оның 3-еуі ауыр халде жатыр және 1 науқас коронавирус инфекциясының асқынуынан қайтыс болды.Үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Арал ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық жолмен расталған 209 жағдайы тіркелді, оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастар саны-62, симптомсыз вирус тасымалдаушылық- 147 адамнан анықталды. Аурудың  47 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 2 жағдай жасөспірімдер арасында, қалған  жағдай ересектер арасында тіркелді. Жұқпаның  45,1 пайызында мұнай, газ, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері мен жұмысшылары ауырса, 21,9 пайызы жұмыссыздар, 12,7 пайызы зейнеткерлер, 1,7 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, 15,6 пайызы балалар, 1,15 пайызы жасөспірімдер, 2,3 пайызы мұғалімдер үлесінде.Коронавирус инфекциясының инкубациялық кезеңі (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3  күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
 Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, мұрынның бітелуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады. Ауру асқынған жағдайда науқас  пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.  
Алдын алу шаралары:
-Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы -осы ауруға  қарсы екпе алу десек, бүгінгі таңда аудан тұрғындарын  коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  Қазірге таңда  жоспарланған  адамдардың 95,8 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның  І-ші компонентімен, 94,8 пайызы егу шарасының  П-ші компонентімен, ревакцинациямен 83,9 пайызы, ал қайта ревакцинациямен 26,9 пайызы қамтылды. Файзер вакцинасымен  12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер және жүкті әйелдер мен емізулі аналар аудан бойынша жоспарланған адамдардың 67,4 пайызы қамтылды.
-Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында  қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
-Үй-жайларды таза ұстау, тәулігіне   2 рет желдету. Ылғалды жинау кезінде  құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
-Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына  жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию.
-Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
-Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;  
-Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.      
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Г.Әйімбетова,
Арал аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы

Фото: sputnik.kz
06 желтоқсан 2022 ж. 289 0