Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз

Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз

Үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Арал ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық жолмен расталған 208 жағдайы тіркелді. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастар саны-63, симптомсыз вирус тасымалдаушылық - 145 адамнан анықталды. Аурудың 49 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 2 жағдай жасөспірімдер арасында, қалған жағдай ересектер арасында тіркелді. Кәсіби кұрамы бойынша жұқпаның 71-і мұнай, газ, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері мен жұмысшылар, 47-і жұмыссыздар, 22-і зейнеткерлер, 11-і мемлекеттік қызметкерлер, 46-ы балалар, 2-і жасөспірімдер, 9-ы мұғалімдер үлесінде.
Коронавирус инфекциясының соңғы О-Микрон штамыныңинкубациялықкезеңі (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3 күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, мұрынның бітелуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары өкпе мен бүйрек жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдын алу шаралары:
Қазақстан Республикасында пандемия мәселесінің дұрыс шешімі ретінде вакцинация және ревакцинация - тегін, ерікті, егілетін адамның жазбаша ақпараттық келісімімен, баланың ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен егіледі.
Коронавирусты инфекцияға қарсы иммундау, ең алдымен, өз отбасымыздың, балаларымызбен ата-аналарымыздың, туған-туысқандарымыздың және айналамыздағылардың денсаулығы үшін өте маңызды. Вакцинация және ревакцинация денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде жүргізіледі. Дені сау адамдарға вакцинация мен ревакцинацияны мүмкіндігінше тезірек алу қажет.
Вакцинациядан кейін егілген адам егу пунктінде 30 минут медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Бұдан әрі ағзада иммунитетті қалыптастыру үшін егілген адам дұрыс тамақтану, күндік және ұйқы режимін сақтау керек.
60 жастан асқан адамдарға және медициналық қызметкерлерге Пфайзер вакцинасымен ревакцинация жүргізуге болады. Пфайзер вакцинасымен 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар, 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күн өткен соң вакцинацияланады.
-Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
-Үй-жайларды таза ұстау, тәулігіне 2 рет желдетіп, ылғалды жинау кезінде құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолданған жөн. Ауырып жүрген адамдарға және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию міндетті. Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуу қажет. Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану қажет. Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтырған абзал.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Г. ӘЙІМБЕТОВА,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы


06 қыркүйек 2022 ж. 362 0