Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Коронавирус инфекциясынан сақтаныңыз!

Үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Арал ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының зертханалық жолмен расталған 173 жағдайы тіркелді. Оның ішінде клиникалық белгілері бар науқастар саны – 37, симптомсыз вирус тасымалдаушылық –  136 адамнан анықталды. Аурудың  27 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 2 жағдай жасөспірімдер арасында, қалған  жағдай ересектер арасында тіркелді. Жұқпаның  45,1 пайызында мұнай, газ, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері мен жұмысшылары ауырса, 21,9 пайызы жұмыссыздар, 12,7 пайызы зейнеткерлер, 1,7 пайызы мемлекеттік қызметкерлер, 15,6 пайызы балалар, 1,15 пайызы жасөспірімдер, 2,3 пайызы мұғалімдер үлесінде.
Коронавирус инфекциясының инкубациялықкезеңі (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3 күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, ашып ауруы, мұрынның бітіуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу,  іш өту белгілері болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Алдыналушаралары:
Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы -осы ауруға  қарсы екпе алу десек, бүгінгі таңда аудан тұрғындарын  коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазірге таңда жоспарланған адамдардың 95,6 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның І-ші компонентімен, 94,7 пайызы егу шарасының  П-ші компонентімен қамтылды. Мектеп оқушыларын «Комирнати» вакцинасының І-ші компонентімен 6170 бала, яғни 86 пайызда орындалса, П-ші компонентімен  3187 бала егіліп, яғни 68,5 пайызға қамтылды. Аудан тұрғындарының  коронавирусқа қарсы қайталап егумен (ревакцинация) 18726-сы, яғни 50 пайызықамтылды. Егу шарасы одан әрі жалғасуда.
-Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында қолды сабынмен мұқият  жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
-Үй-жайларды таза ұстау, тәулігіне 2 рет желдету. Ылғалды жинау кезінде  құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
-Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию.
-Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
-Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
-Денешынықтырумен,спортпен айналысу және организмді шынықтыру қажет.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

А. САТЕКЕЕВА,
Арал санитариялық-бақылау басқармасының басшысы
27 сәуір 2022 ж. 360 0