Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Арал ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Арал ауданы бойынша тұрғындар арасында наурыз айына коронавирус инфекциясымен тіркелген жағдай жоқ.
Аурудың клиникалық белгілері: тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы,ашып ауруы, мұрынның бітіуі, бас ауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, іш өту белгілері болады, дене қызуы көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары  өкпе мен бүйрек  жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады. Алдыналушаралары:
Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы – осы ауруға  қарсы екпе алу. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын  коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  Қазірге таңда  жоспарланған  адамдардың 95,6 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның  І-ші компонентімен, 94,7 пайызы егу шарасының  П-ші компонентімен қамтылды. Мектеп оқушыларын «Комирнати» вакцинасының І-ші компонентімен 6176 бала, яғни 85,4 пайызда орындалса, П-ші компонентімен  4375 бала егіліп, яғни 56 пайызға қамтылды. Егу шарасы одан әрі жалғасуда. Аудан бойынша коронавирусты инфекциясына қайталап егумен 18725 адам қамтылды. Кәсіби құрамы бойынша: Медицина қызметкерлері -1125, Педагогтар егілгені – 3187, Уч.полиция егілгені – 91,
Төтенше жағдай егілгені – 237, 60 жастан асқандар -745, студенттер– 532, арнайы медико әлеуметтік мекемелер– 494, басқа топтар - 11766, жүкті және емізулі аналар – 16, әкімшілік қызметкерлері –531, созылмалы ауруы бар 1 адам коронавирусқа қарсы вакцинамен егілді.
Ауырып жүрген адамдарда және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию. Қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылады.  
Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың  алдында қолды сабынмен мұқият жуып немесе құрамында спирті бар салфеткамен сүртіп отыру қажет.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуу қажет. Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін тұтынған абзал. Денешынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтырудың маңызы зор.
Індетті жою үшін жоғарыда аталған аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
О. МОШАНОВ,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.  
07 сәуір 2022 ж. 379 0