Төрелер салған тура жол керек

Әрине қара қылды қақ жарған, туралығымен туғанына жақпаған төбе билердің дәуірінде де мұндай келеңсіздіктің кездесіп тұрғаны ақиқат. Пендешілікке барып, пұл пен пайданы ойлаған жұмырбастылардың қоғамға жасаған қиянатын бұрынғы бабаларымыз да кешпеген. Соған сай алатын жазасын ел болып ойластырып, өзгелерге сабақ болатындай үкім шығарған. Және оны көпшілік қауымның немесе төрелер мен бидің алдында жүзеге асырған. Мемлекет дамуына кері әсер етіп, қоғамның кесіріне айналған мұндай қылмыстың жолын кесуді қазір де қолға алып келеміз. Алайда оны түп тамырымен жойдық деуге келмейді.
Иә, ақын-жазушыларымыз да бүгінгі ұрпаққа жат қасиеттерді дәріптеп, әділдікті ту ететін ұрпақ қалыптастыру жолында біршама еңбектер қалдыраған. Сыбайлас жемқорлық жайлаған мемлекеттің экономикалық жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына, оның дамуына кері әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан мұндай кеселдің тамырына балта шабамыз десек, барлығын алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сонда барып, әділдік пен ашық қоғам қалыптасып, жаңа Қазақстанның жарқын жолы тың өзгерістерге бастап, енді бір 20-30 жылда барлығы басқаша бағытқа бет алады деуге болатын шығар.
С.Матаев,
Жетес би ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы