Семейде колледж мұғалімдері өз студенттеріне үй алып берді

«Тағы бір қыздың ата-анасы жоқ, толық жетім. 2015 жылы колледжді тәмамдады. Осы жолы оған ақша жинап бітірдік. Таяуда оған пәтердің кілтін табыстадық», – дейді директордың оқу ісі бойынша орынбасары Майра Тоқтарбек.
Колледж ұжымы қайырымдылық шарасын мұнымен тоқтатпақ емес. Айтуларынша, колледжде әлі де көмекке мұқтаж студенттер бар.
«Барша ұжымға алғыс білдіремін. 2014 жылғы түлекпін. Педагогикалық колледжді «Бастауыш білім мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым. Бүгінгі таңда №34 мектепте жұмыс істеп жатырмын. Дипломмен бірге, 4 бөлмелі үйдің кілтін алдым. Ол жерде монша, гараж да бар. Көмекке қатты зәру болған кезімде үлкен қолдау көрсетті», – дейді Айгерім Кузбасова.