Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі

Сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде несие қарыздарын өндіру туралы төрт талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптарға заңнамадағы дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі «сотқа дейінгі хаттама» жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, жауапкерлер берешек қарыздарын талап қоюшылармен өзара келісілген уақыттарда бөліп төлеуге уағдаласқан.
Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Осылайша заңнамадағы татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» жайындағы жаңашыл норма тиімділігін көрсетіп келеді.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2022 ж. 442 0