Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа дейінгі хаттама қарыз өндіру туралы дауды реттеді

Сотқа дейінгі хаттама қарыз өндіру туралы дауды реттеді

Арал аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, заңнамадағы дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі «сотқа дейінгі хаттама» жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде, тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға берешек қарызын өзара келісілген уақытта төлеп құтылуға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне «сотқа дейінгі хаттама» бойынша толықтырулар енгізіліп, жаңашылдықтар жыл басынан қолданысқа енген.
Сотқа дейінгі хаттаманы тараптардың өздері де, медиаторлар мен адвокатқа жүгіну арқылы да жасауға болады, онда тараптар бір-біріне дәлелдемелерді ашып, дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқаларын ұсына алады.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
05 қазан 2022 ж. 463 0