Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоян – қамқорлық пен мейірімділіктің нышаны

Қоян – қамқорлық пен мейірімділіктің нышаны

2023 жылдың иесі – Қоян. Қоян – сүт қоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2-8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Бұлар кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады.
Қояншөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеужерлерге тез көтеріледі, ал биіктентүсердеқоянқиналады, кейдедомалап та кетеді.Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшылар да байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді.
Ал қоян жылы дүниеге келген жандар момын мінезімен ерекшеленеді. Бұл жыл белгілеріне мына жылдар сәйкес келеді: 1915, 1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999 және 2011. Қоян жылы 2023 жылға тұспа-тұс келіп тұр. Қоян жылы дүниеге келу нені білдіреді? Ол – жақын адамдарына адал, талантты және атаққұмар адам, тартымды сұхбаттасушы әрі сүйікті серіктес. Ол өте көнбіс және кез келген мәселені шешуге қабілетті. Қоян жайсыз жағдайларға сирек тап болады, өйткені өте сақ және ақылды. Ол үнемі мәселенің ұсақ-түйегіне дейін мұқият қарайды және Қытай жұлдызнамасындағы 12 белгінің ішінде ең бақыттысы болып саналады.
Нумерологтардың айтуынша, қоян жылы уайым-қайғы артта қалатын, адамдар үшін тұрақты, тыныш жыл болмақ. Адамдар арасында махаббат пен сыйластық арта түседі екен. Қоян жылында туыстық, әріптестік қарым-қатынас күшейіп, дипломатиялық байланыс арта түспек. Келер жылы отбасын құрып, балалы болу сынды жағымды жайттар жиі болады. Жылдың символы қоян болса, саны – 7. Жеті саны қазақта киелі саналған. Сондай-ақ қоян жылы карьералық өсуде сәтті болмақ. Саяхаттауға да ең қолайлы жыл екен.
Қоян – қамқорлық пен кеңпейілділіктің нышаны. Ол ымыраға келуді, бейбітшілікті сүйеді, бірақ батырлық жасап, өз құқығын қорғауға да қабілетті. Оның қаншалықты табысты адам болатыны айналасына, отбасына және тұратын жеріне байланысты. Қоян сәттілікке сенеді және күте алады. Ол нәзік, көбінесе молшылықта өмір сүреді, жан-жағындағылардың еркесі саналады.
Қоян жылы туылған адамдар мінезі жағынан ақ пейілді, сабырлы және мейірімді адамдар. Жұмыс пен қарым-қатынас жағдайында қояндардың жауапкершілігі өте мол, олар төзімді және мейірбан боп келеді. Өзгелерге құпия әрі тұйық адам болып көрінуі мүмкін, ал өз жақындарына тым жомарт, жаны нәзік. Жаңадан танысқан адамдармен тез тіл табысады, пайдалы байланыс орнатуға икемі бар және бәрімен келісімге келе алады.Қоян жылында әлемге бақыт сыйлай алатын мейірімді, қайырымды және қамқор жандар көптеп дүниеге келеді. Олардың табиғатын таныған жан еріксіз жақсы көріп, құрметтегісі келіп тұрады.
Жалпы, келер жылдан кім де болса жақсылыққа үмітті екені сөзсіз. Жетістікке жетуі әр адамның әрекетіне, еңбегіне байланысты жемісін бермек. Алдағы 2023 жыл еліміз үшін тосын жаңалықтар мен табысқа толы жыл болуды Алла нәсіп етсін дейміз.
К. МАХСҰТ
30 желтоқсан 2022 ж. 557 0