Жаңа жыл мерекесі тойланды
Бүгін Арал ауданында «Жарылқа жаңа 2023 жыл» атты мерекелік концерт өтті.Шарада алдымен аудан әкімі Серік Сермағамбетов сөз алып, жиналған көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Жылыстап бара жатқан ескі жыл ауданымыз үшін ауыз толтырып айтарлықтай айшықты жаңалықтарға толы болды. Әрбір қол жеткізген жетістігіміз, шыққан биік шыңымыз – туған жеріне жанашыр теңізді өлкенің әрбір азаматының еселі еңбегінің жемісі деп білемін.
Атқарылған іс аз емес, дегенмен алда үлкен міндеттер бар. Санаулы сағаттан кейін жаңа 2023 жылға аяқ басамыз. Алдағы жыл – еліміз үшін, қасиет пен киесі қатар қонған Айдынды Арал өңірі үшін берекелі, табысты жыл болғай! Келер жыл – жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын.
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-берекесімен, ырыс-несібесімен, толайым табыстармен келсін!»- деп аудан әкімі тұрғындарды құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Мейрамның көркін қыздарған Аяз ата мен Ақша қар тұрғындарға ақ тілектерін арнады. Аудан өнерпаздарының ән-шашуы жиылғандарға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Думанды кеш, онан әрі мерекелік отшашумен аяқталды.