Балықшылар аллеясында жаңа жылдық кеш өтті

Шарада аудан басшысы Серік Сағитжанұлы сөз алып,
– Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Келер жыл әрбір шаңыраққа бақ пен береке, ырыс-несібесін ала келсін! Жылдан жылға жақсы жаңалықтармен жете берейік! Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке тілейімін!-деп, жиналған тұрғындарды Жаңа жылмен мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Көңілді шараның көркін келтірген Аяз ата мен Ақшақар қыз мерекелік лебіздерін жеткізіп, ертегінің әртүрлі кейіпкерлерімен бірге ән шырқап, би биледі.
Жиналған жұртшылық аудан өнерпаздарының өнерлерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күйде тарасты.