Ауа райына байланысты 2 өңірде тасжол жабылды

12 қаңтар күнгі сағат 13:30-дан бастап Қарағанды облысында қарлы бұрқасын салдарынан жолда көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 967-1135 шақырымдары (Молодежный кентінен Павлодар облысы шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1446-1457 шақырымдарында (Теміртау қ. – Қарағанды қ.) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Сонымен қатар бүгін сағат 13:30-да Павлодар облысында бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының 1135-1206 шақырымдарында (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.