Бүгін екі өңірде мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Абай облысында Семей қаласында, Бесқарай ауданында 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Аягөз ауданының 1-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа көшіріледі. Өңірдің қалған аудандарында сабақ штаттық форматта өтеді.
Павлодар облысының Екібастұз қаласында барлық мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылды.