Жоқ! - деп айтуды үйрен!

Ол үшін адамның санасы таза, араласатын ортасы жақсы болуы керек. Қазіргі күні теріс іс-әрекет жастардың санасына тез дарып жатыр. Қатыгездік осыдан басталады емес пе?! Мейірімсіз болғасын өмірінің астаң-кестеңі шығады. Сол үшін дүние есігін ашқаннан бастап, отбасымызда ашық әңгіме дүкені жүрсе жақсы болар еді. Бірақ ата-ана баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді. Сол үшін жамандыққа апаратын белсенді заттарға қарсы тұрудың маңыздылығы зор деп ойлаймын.
Менің тамаша өмірім бала күнімнен басталып келеді. Өміріме деген құлшынысым мен махаббатым мені алға жетелейді. Абай атамыз айтқан: «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел», - деген өлең жолы арқылы, сөз киесі мен адамның ісінде жүйелі салмақ болу керек екенін айтқым келеді.
Райханова Асель,
Арал ауданы. №260 мектептің 7 сынып оқушысы
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»