Автокөліктердегі өрттен сақтаныңыз!

Автокөлік иелері есте сақтауы тиіс:
–әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.
–автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
–аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
–Көлікті тоқтатыңыз;
–Қозғалтқышты өшіріңіз;
–Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпаңыз;
–Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
–Өртке қарсы қызметке «101»телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
фото: osken-onir.kz