Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік үшін қаперде ұстаңыз!

Қауіпсіздік үшін қаперде ұстаңыз!

Қосылулы күйде ұмыт қалған үтік, баланың қолына түскен шырпы,  бейсауат лақтырылған темекі тұқылы қандай жағдайға соқтыратыны айтпаса да белгілі. Сонда да болса, біле тұра, осы орашолақтықтан арыла алмай келеміз.
Елеусіз көрінген нәрсенің соңы орны толмас опығысқа соқтыруы мүмкін. Ал, ескертпе мен кеңестің ешқашан да артықтығы болмайды. Кез келген үйде түрлі тұрмыстық қондырғылар, жабдықтар, жанғыш сұйықтар мен жылыту көздері бар. Электрлік қондырғылар мен сымдардың жарамдылығына назар аударып отыру қажет. Сынған және жарамсыз розеткаларды, ажыратқыштарды, патрондарды ауыстырыңыз.Үй–жайларды жылыту үшін қолдан жасалған электр жылтқыш қондырғыларды пайдаланбаңыз.
Зауытта жасалған сақтандырғыштың орнына қолдан жасалған сақтандырғыштарды, «жучок»  сияқты калибрленбеген балқитын қосқыштарды пайдалану қаупті, бұл жағдайда өрттің шығуынан құтыла алмайсыз.
Электр желілерінің өртенуі көбінесе шамадан тыс  күш түсуінен, үлкен ауыспалы кедергілерден қысқа тұйықталулардан ұшқындардан болады.
Бір уақытта электр желіге куаттылығы күшті бірнеше электр құралдарын қосу оның жүгі шамадан тыс болуына әкелетінін есіңізде сақтаңыз.
Қосылған үтіктер, электр шәйнектер мен тағы басқа тұрмыстық электр жылыту құралдарды жанбайтын орындарға орнату қажет. Электр құралдарды  қосулы күйінде балаларға тапсырып тастап кетуге болмайды. Үйден шығарда желіге қосылған  электр құралдарды суырып тастаңыз.
Жеке қауіпсіздік үшін де электр шеберін шақыртып, кемшіліктерді жойған абзал. Қисайған, жапырылып немесе күрмеленіп жатқан сондай-ақ оларды шегелеу электр сымдардың оқшаулануына закым келтіреді, сондықтан мұны жасауға үзілді – кесілді тыйым салынады. Отпен абай болыңыз! Өз үйіңізді және мүлкіңізді өрттен сақтаңыз! Өрт қаупсіздігі ережелерін сақтау – Сіздің үйіңіздегі береке мен тыныштықтың кепілі. Өз үйіңізді өрттен қорғай біліңіз!

Арал ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі.
03 мамыр 2019 ж. 832 0