Автокөліктердегі өрттер

- әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.
- автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу. Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
- Көлікті тоқтатыңыз;
- Қозғалтқышты өшіріңіз;
- Капоттың құлпын босатыңыз, бірақ қолыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болғанға дейін капотты ашпаңыз;
- Барлық жолаушыларды шығарыңыз;
- Өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз;
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі