Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық азаматтың есімін асқақтатты

Аралдық азаматтың есімін асқақтатты

Алдыңғы жылы құлағымызға жақсы бір хабар тигені бар. Алматыда тұратын туысымыз қуана айтып:
– Алматыда аралдық азаматтың аты¬мен аталатын үлкен медициналық ор-талық ашылды. Керемет!Ашылу салтана¬тында болдым...–деп жеткізген.
– Ол азамат кім еді?–деп сұрадық әп дегеннен білгіміз келіп.
– Нұрадин Досжанов. Белгілі дәрігер болған. Қолы алтын, ақ халатты нағыз абзал жан болатын... Қайыр-қомын көпке тигізген бір арыс еді...
– Нұрекеңді білеміз ғой. Біздің арал¬дық¬тар да дұрыс ем алуға әдейілеп барғанын талай естідім. Мақтап келуші еді...
Осы жаңалықты естіген шақта арал¬дық¬тарға сүйіншілеп жазып, жақсы ха-барды жеткізгіміз келген. Алайда түрлі себептермен арасы ұзап жазылмай қалып қойды. Әйтпесе Алматы сияқты үлкен мегаполисте мұндағы балықшы ауылдан шыққан жерлесіміздің құрметіне аты беріліп, науқастарды емдеуге есік ашқан медициналық емхана-клиниканың ашыл¬уы мақтаныш тұтарлықтай, ел-жұртқа айта жүрерліктей жаңалық қой. Ал ер есі¬мі елеусіз қалмағаны жүрек тебірент¬кен.
Өткен жылдың қараша айында Алатау бауырайындағы әсем қала Алматыға жолым түсті. Анада есті¬ген жаңалық хабар есім¬де болған соң, әдейі уақ¬ыт бөліп, жерлесіміз Нұра¬дин Досжанов атын¬дағы медициналық клиниканы көріп қайту¬ға көңілім ауды. О шеті мен бұ шеті жүздеген шақырымдық Алматы шаһарының аумағына енетін КазЦИК деген ауыл бар екен. Ауыл дегенімізбен де қалаға жалғасып жатқан үлкен кент іспетті елді мекен.
КазЦИК кентінің жаңа құрылыстар түскен жоғары жағындағы заманауи үлгіде салын¬ған үш қабатты әсем ғимараттың алдына келіп маңдай тіредік. Ғимарат¬тың маңдай тұсына «MED CENTER NURADINA DOSZHANOBA» деп латын қарпімен жазыл¬ған. Сол жақ кіреберісіне белгілі дәрігер Н.Дос¬жан¬ов¬тың суреті мен өмірбаяндық деректері қыс¬қаша жазылған мемориал тақта қойылып-ты.
Кең профильді дәрігерлік емханада бірнеше бөлімше жұмыс істейді екен. Сондай-ақ осында әлеуметтік дәріхана орналасқан. Келген науқастарды қабыл-дайтын жоғары категориялы білікті маман¬дар еңбек етуде. Осы микроауданда тұратын тұрғындар орталыққа сандалмай-ақ жан-жақты емделуіне, қосымша дәрі¬герлік көмек алуына, кінәратты денсаулық¬тарын түзеуге барлық жағдай толық жасалған. Соңғы үлгідегі шетелдік озық медициналық аппаратуралар диагноз қоюда, ем жасауда ілкімділік танытып тұр. Әсіресе ғимарат ішінің тап-таза, кіршік¬сіздігі көңілге жылылық орнатады. Ден¬саулық орталығының осындай болғаны қандай керемет!
Есімі алып шаһардың бірі пұшпақ шетіндегі заманауи медициналық орталы¬ғына берілген «Нұрадин Досжанов кім еді?» деп көзі қарақты оқырманымыздың сұрары анық.
Ұлы теңіз жағасындағы іргелі балық¬шы ауылдың бірі – Қаратерең. Осы ауылда Нұрадин (қатарластары Нұртай дейтін) Досжанов 1948 жылы дүниеге келген. Әкесі Мыразбайұлы Досжан теңіз кемесінің білгір механигі болатын. Техниканың сырына қанық, қолының місекерлігі мықты кісі еді. Анасы Үркімбайқызы Ұлбосын өмірге Әлия, Кәлима, Шәкизада, Нұрболат, Пиуа деген Нұрадиннің апа¬лары мен іні-қарындастарын әкелген қай¬мақтай ұйып отырған берекелі шаңырақ болатын. Бірақ тағдыр соққысы аяқасты¬нан келеді. Нұрадин он үш жасында әкесінен, арада бір жыл өткенде анасынан айырылады. Ардақтаған әкесі, аялаған анасы өмірден кеткен соң, олардың басына әрине қиындық туған. Үлкен апасы Әлия Қазалыда тұрмыста. Қалған бесеуі Арал қаласында тұратын туыс апасы Мәрия мен жездесі Нәбеттің қолына келеді.
Білімге деген құштарлығы күшті, ар¬маны асқақ бозбала Арал қаласындағы №15 орта мектепті ойдағыдай бітіреді. Бірнеше жыл қарапайым жұмысшы болып еңбек еткен жігіт біраз уақыт дайындалып, 1970 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтына түседі. 2-курста оқып жүріп Мұратбекқызы Ханшайыммен отау құра¬ды. Ауыл жақтан көп көмек күтпей, еті тірі Нұрадин бір мезгіл «Қызыл ту» деген фабрикада жұмыс істей жүріп, пәтерден пәтер жалдап отырып, жас жанұясын, өмірге келген кішкентай балаларын асырап-бағады.
Қайсарлық пен батылдық бойында жастай сіңген, тағдырдың қиындықтарына мұқалмай терең білім алған Нұрадин Досжанұлы 1977 жылы оқуын аяқтап, қолына дәрігер деген диплом алады. Алматы маңындағы Жетісудың бір ғажап әдемі, көкке оранған жері Саты деген ауылға барып, бірден бас дәрігерлік қызметке орналасады. Алты жыл бойы осы елді мекеннің денсаулық мекемесін аудандағы үлгілі орынға айналдырады. Тәуекелшіл дәрігер Нұрадин ауыл тұрғындарын қалаға қуа бермей, барлық ем-домды өзі жасап отырады. Әр жағ¬дайда туындап жататын жауапкершілікті мойнына алатын. Кеңшар тұрғындары сондықтан да оны «Біздің сүйікті дәрігер» деп сүйсіне мақтайтын.

Жылдар бойы жинаған бай медици¬налық тәжірибесі – оның басты кәсіби байлығы болды. Адам тәнінің саулығы үшін қолынан келгеннің бәрін сарқа пайдаланатын 1983 жылы өз алдына кеңшар боп тұрған КазЦИК ауылында ашылған амбулаторияға бас дәрігер боп ауысып келді. Жиырма жылдай атқарған бұл қызметінде де үлкен абыройға бөлен¬ді. Ол жоғары дәрежелі невропатолог және алтын инемен емдеуші терапевт. 2001 жылдан бастап Алматы қаласының Түркісіб ауданындағы №9 емханада мамандығы бойынша қызмет істеді. Гиппократтың адалдық антынан ешқа¬шан аттамаған Нұрекең өмірлік арман¬ына жетіп, денсаулық саласының белгілі тұлғасына айналды. Отбасында да жұбайы Ханшайым екеуі екі ұл, екі қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие беріп, жоға¬ры білімді мамандар боп шығуына ықпал етті. Иә, Нұрадин Досжанов маман дәрігер ретінде қандай да бір мақтау¬ларға лайық болатын.
Аталмыш клиниканың құрылтай¬шысы Айдос Зейноллаұлы біздің қызы-ғушылығымызды түсінген болар: «Көп¬тен бері КазЦИК-те ашуды мақсат қып жүрген меди¬циналық клиника ашыл¬ғанда есіме бірден осы жерде ұзақ жыл еңбек еткен белгілі дәрігер Нұра¬дин Досжанов орал¬ды. Осы жақтың тұрғындары¬ның өмір бойы алғысын алып өткен жан еді. Бас¬таған жақсы кәсібімізге лайық деп ел мақтаған арыс ағаның есімін беруді жөн көрдік. Халқына жаққан жан мұндай құр¬метке әбден татитын. Қаз¬ір ашылғалы ем іздеген науқастар үзілмей келіп, ем-дом¬дарын алып шы¬ғып жата¬ды...» деп өз ұстан¬ымын жеткізді.
Міне, Алматының шет¬кі бір мөлтек ауданындағы аралдық дәрігер Нұрадин Досжанов атындағы меди¬циналық клиника халыққа қалтқысыз қызмет етіп тұр. Жерлесіміздің өзі дүн¬иеден өтсе де, елеулі ең¬бегі еленіп, есімі құрмет¬тел¬геніне біз де қуанып қайттық.
Е.АБДУЛЛА
24 қаңтар 2023 ж. 284 0