Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы бір сала мамандарының жалақысы өсті

Тағы бір сала мамандарының жалақысы өсті

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын атап өтті.

"Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, қаңтарда республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың куб метр құм-тұз қоспасымен өңделген.

Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері биыл ветеринария мамандарының жалақысы 35-50 пайызға өсетінін айтқан болатын. 

Фото: ernur.kz
25 қаңтар 2023 ж. 267 0