Менің таңдауымдағы оқу ордасы

Ақпарат көзін анықтай отырып оны зерделеп, әр оқырманға дұрыс жеткізу журналистің міндеті деп айтсақта артық емес.Осындай жауапкершілікті көре отыра, осы салаға бет бұрдым. Ең бастысы, шеберлікті шыңдауды тоқтатпаған дұрыс деп ойлаймын. Осы мамандықтың шебері болу үшін мен өңіріміздегі бас білім ордасының бірі – Қорқыт ата атындағы университетті таңдаймын.Оның себебі 85жылдық тарихы бар, еліміздің үздік ондығына кіретін жоғары оқу орны.Бұл жоғары білім беру ордасынан мыңдаған білімпаздар шығып, қазіргі таңда түрлі мамандықтардың иесі.
Бұл университеттің журналистика саласы 1996 жылы ашылды.Бұл оқу орнынан Бекболат Қаратайұлы,Аслан Сағындық,Мадина Ерғалиева,Назгүл Қажытаева секілді түлектер білім алды.Менде болашақта осы білім шаңырағынан білім алып, жақсы маман болғым келеді. Осы мамандыққа мені дайындап жүрген Арал ауданы, Бекбауыл ауылындағы №65орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жаннұр Айжігітова апай осы бір мамандыққа бір қадам жақындатты.Өзінің сөздік қорымен менің таным-түйсігімді байыта түсті.Сондай-ақ өзінің жігерлі сөзімен маған үнемі мотивация беріп жүрген сынып жетекшім Сағындық Раймбаев ағайға өз лебізімді білдіремін.Сол кісінің арқасында орыс тілін жеткілікті деңгейде меңгердім деп айта аламын. Осы мұғалімдердің арқасында қазіргі таңда білімге деген құштарлығым оянып, өзімнің өмірлік бағытымды айқындайтын сала бойынша терең білім алуды мақсат тұттым.
Аружан Шатмурқызы,
№65орта мектеп оқушысы
№65орта мектеп оқушысы