Қазақстанда ауыл жастарына берілетін гранттың үлесі артты

Қаулыға сәйкес гранттар санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі.
«Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі», – делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысында.
Бұрынғы қаулыда гранттардың 30%-ы конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді.
kyzylorda-news.kz