Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапкер-2018: ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізілді?

Талапкер-2018: ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізілді?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы «Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» №174 қаулысына сәйкес, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарына түсу үшін бірнеше емтихан нәтижесі қажет болады, деп хабарлайды kaztag.info

«Конкурс оқуға түсу үшін тапсырған емтихан нәтижелерінің негізінде жүргізіледі», - делінген құжатта.

Қазіргі сәтте ЖОО-ға түсушілер көптеген критерий бойынша таңдалады.

«Білім беру ұйымдарына білім алуға адамдарды қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар адамдарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде, пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысанындағы түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде өткізіледі. 

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдарының жиынтығы есептеледі. 

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға: жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем, оның ішінде бейінді пәннен 17 балдан кем жинаған тұлғалар жіберілмейді», - делінген құжатта.

Балл саны бірдей болған жағдайда жеңілдік бірінші кезекте ата-анасынан айырылған балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге беріледі.
08 ақпан 2018 ж. 1 978 0