Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Банкрот» болған адам кредит ала ала ма?

«Банкрот» болған адам кредит ала ала ма?

«Банкрот» атанған адам 5 жыл бойы кредит ала алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтарға банкроттықтың қандай салдары тиетінін түсіндіріп берді.

Сот банкроттығын және соттан тыс банкроттық рәсімдерін қолданатын азаматтар:

• 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

• олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады;

• олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды. Сондықтан азамат өзін банкрот деп жарияламас бұрын, ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлану керек, - деп түсіндірді вице-министр ОКҚ-да.

Біржанов қазақстандықтарға тағы бір мәселені ескертті.

Реестрде 7 жыл бойы «банкрот» деген мәртебе тіркеліп тұрады. Банктер және басқа да ұйымдар бұл ақпаратты ала алады. Сондай-ақ оны кеңінен пайдалана алады деп ойлаймын. Себебі 7 жылдан кейін банкроттық мәртебесі өтсе де, банк 7-10 жылдан кейін кредит беру не басқа мәселе бойынша азамат туралы мәліметті алып, оң емес шешім қабылдауы да мүмкін, - деп айтты ол.

Қаржы вице-министрі азаматтарға банкроттық соңғы шешім болуы керегін тағы бір мәрте ескертті.

Сонымен қатар Біржанов азамат өзін банкрот деп жариялауға өзі ғана шешім қабылдауы керегін айтты. Сөзінше, банктер немесе кредиторлар жеке тұлғаны «банкрот» деп тану үшін еш жерге арыз бере алмайды.

Борышкердің өзі ғана өзін банкрот деп тани алады;
Сот банкроттығы кезінде кредиторлардың мүдделері борышкердің мүлкіне бағытталған;
Сот банкроттығының кез келген кезеңінде борышкер мен кредиторлар қарыздарды ерікті түрде төлеу туралы бітімгершілік келісім жасасуға құқылы.
Борышкер банкроттыққа дейін 3 жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мәселесін тексереді: мүлікті сатты, сыйға тартты, жасырды немесе жойды;
Төлем қабілеттілігін бес жылдан аз уақыт ішінде қалпына келтіруге болады.
30 қаңтар 2023 ж. 293 0