Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты қарым-қатынасты қандай әдеттер бұзуы мүмкін?

Бақытты қарым-қатынасты қандай әдеттер бұзуы мүмкін?

Бақытты қарым-қатынас – бұл екі жақтың да қатысуын талап ететін күрделі жұмыс. Бірақ қарым-қатынасқа селқос қарайтындар да, өздері байқамай араларындағы үйлесімділікті бұзып алатындар да бар. Бақытты қарым-қатынасты сақтап қалу үшін қандай әдеттерден арылған жөн?
Егер ғашық болып көрген болсаңыз, шынайы өмірдегі қарым-қатынас романтикалық комедия сюжетіндегідей емес екенін білесіз. Шындығында, екі серіктен үлкен шыдамдылық пен керек кезде шегіну қажет етіледі.

Дұрыс қарым-қатынаста бірін-бірі құрметтеу, сену, тыңдай білу және ести білу бірінші орынға шығады. Сондай-ақ, ең бастысы – серігіңізді қалай бар, солай қабылдай алу.

Мамандардың ойынша, қарым-қатынасты тоқтатуға бір себеп жеткіліксіз. Әдетте, бұл көптеген фактор әсер ететін кешенді проблема. Егер қарым-қатынасты сақтап қалғыңыз келсе, мына әдеттерден арылыңыз.

Үнемі ұялы телефон арқылы басқа адамдармен сөйлесу

Смартфондар мен әлеуметтік желілерге тәуелділік – біздің заманымыздың эпидемиясы. Кейде жақындарыңыз соққан немесе жұмыс бойынша қоңырауларды елемей қоюға болмайтын кездер болады. Бірақ серігіңіздің жанында отқанда үнемі әлеуметтік желідегі хаттарға жауап қайтарып немесе ұялы телефонмен сөйлесіп отсаңыз, қарым-қатынаста көп ұзамай келіспеушіліктер туындайды. Егер екінші жартыңыз сіз үшін қымбат болса, алаңдатушы құралдарды ысыра тұрыңыз. Егер кездесуде жедел жауап беру керек сұрақ туындаса, серігіңізге ескертіңіз: "Шаруаларымды шешіп тастауға 10 минуттай уақыт бер, содан соң менің бар назарым сенде болады".

Жұрттың көзінше серігіңізді кемсіту

Әр адамның өз кемшіліктері бар. Айырмашылық тек оны әркімнің әрқалай қабылдауында. Біреулер өз кемшілігіне күле қараса, басқалары болмашы нәрсенің өзін уайымдайды. Тек серігіңіз екеуіңіз отқанда қандай да бір кемшіліктеріңізге немесе ыңғайсыз әрекеттеріңізге күлуіңіз мүмкін. Бірақ оларды басқалардың, әсіресе, жақсы араласпайтын адамдардың көзінше айтпаған жөн. Мұндай әрекетіңізбен серігіңіздің сенімін жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Серігіңіздің қателігін қайта-қайта еске түсіру

Тіпті ең үйлесімді жұптардың өзі ұсақ-түйек үшін сөзге келеді. Әрине, ең дұрысы – серігіңізді кешіріп, жанжалды ұмыту. Бірақ айту оңай, іске келгенде бұл олай емес. Әдетте, жұптар ұрысқан кезде бір-бірінің бұрынғы қателіктерін еске түсіреді. Бұл әдетке айналса, қарым-қатынастың бұзылуына әкелуі мүмкін.

 Ренішті іште сақтау

Көпшілік әйел қандай да бір жағдайларды жанжалға айналдырмас үшін ренішін ішке сақтайды. Жиналып қалған ашу мен негатив уақыт өте оның серігімен қалай-солай сөйлесуіне әкеледі. Ал серігі нәзік әрі сүйкімді қыз қалайша ашушаң әйелге айналғанын түсінбей жүреді. Сондықтан серігіңізбен уақытында ашық сөйлесу маңызды.

Қарым-қатынасты виртуалды түрде талқылау

Қазір көптеген сұрақтар мессенджерлер арқылы шешіледі. Алайда психология мамандары кімдікі дұрыс екенін бұлай шешуге кеңес бермейді. Мұңды немесе ашулы эмодзилар сіздің шынайы эмоцияңызды жеткізе алмайды.

Сүйіктіңіздің туыстарын сынау

Кейде серігіңіздің туыстарымен тіл табысу қиынға соғады. Олардың жағымсыз сөздерін елемеуге тырысыңыз. Сондай-ақ серігіңізге оның туыстарын жамандамаңыз.

Оның әр қадамын бақылап отыру

Қызғану – әр адамға таныс сезім. Бірақ серігіңіздің өз өмірі, жеке кеңістігі барын ұмытпау керек. Егер күмән туындаса, ол жайлы ашық сөйлесіңіз. Үйлесімді қарым-қатынас өзара сенімділіктен пайда болады. Егер сүйіктіңіздің әр қадамын бақылап бастасаңыз, одан сезімдеріңіз қатая түспейді.

Барлығын бірге істеуді қалау

Әр минутты онымен өткізгіңіз келе ме? Оның қолы тимей қалса, ренжіп қаласыз ба? Алайда кейде өз-өзіңізбен болу және жеке қызығушылығыңыздың болғаны пайдалы.

Төмен өзін-өзі бағалау

Психология саласындағы кез келген маман төмен өзін-өзі бағалау жеке өмірге жағымсыз әсер ететінін растайды. Өзіне сенімсіз адамдар барлық нәрседен күмәнданады және өзінің жеке комплекстерінен қиналады. Бұл сіздің қарым-қатынасыңызға әсер етпей қоймайды. Сондықтан өзіңізді қолға алып, өзін-өзі бағалауды арттырудың жолдарын зерттеп, өзіңізбен жұмыс істеңіз.

massaget.kz
Фото: 
01 ақпан 2023 ж. 327 0