Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: 06.02.2023 - 12.02.2023

Жұлдыз жорамал: 06.02.2023 - 12.02.2023

Апта көпшілік үшін салыстырмалы түрде тыныш өтеді. Бұл апта - шығармашылық кезең және алға жылжуға керемет мүмкіндік.

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір


Cіздің көп және тиімді жұмыс істей алатыныңызға ешкім күмәнданбайды, алайда жұмысты бөліп беруді де білу маңызды. ісіңізді сапалы жаңа деңгейге шығару үшін инвестор, ресурс, серіктестер тартуды ойластырыңыз. Бұл апта мүлік немесе шынымен де қажет және уақыт пен қаражат үнемдеуге көмектесетін нәрсе алуға қолайлы.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр


Әлеуметтік белсенділік және кәсіби қызмет үшін қолайлы апта. Сіз энергияңыздың артқанын, басқа адамдардың сізге деген назарын және олардың сізбен серіктескісі келетінін сезесіз. Серіктестердің және олардың ресурстарымен сіз маңызды жобаны соңына дейін жеткізе аласыз. Бұл аптада ұсынылған идеялардың немесе ұсыныстардың бірі сіз үшін ұзақ мерзімді жобаға айналуы әбден мүмкін.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым


Бұл аптаның мүмкіндіктерін барынша көп пайдалануға тырысыңыз. Жаңа серіктестеріңіз және адал достарыңыз пайда болуы мүмкін. Өміріңіздің маңызды саласында, мысалы, жұмыста немесе отбасылық өмірде жаңа бастамалар болуы мүмкін. Қиындықтардан және жоғары жауапкершіліктен қорықпаңыз, сіздің энергетикалық күшіңіз жоғары. Сізде өмірге оптимистік көзқараспен қарауға және қиындықтарды жеңіп шығуға қажетті нәрсенің бәрі бар. Егер шыдамды және әдепті болсаңыз, мойныңыздағы жүктеменің бір бөлігін өзіне алғысы келетін адамды кездестіресіз.

Шаян
21 маусым - 22 шілде


Тылды нығайтуға, бұрын уақыт жетпеген екінші кезектегі істерді ретке келтіруге көбірек уақыт бөлу маңызды. Қазір көп табыс табу мүмкіндігі аз, сондықтан қолыңыздағы бар ресурсты тиімді жұмсауға тырысыңыз. Көмекшілер табуға жақсы уақыт: жүктемені бөліп тастап, өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысыңыз. Бұл апта туыстармен араласуға және балаларға уақыт бөлуге қолайлы.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз


Бұл аптада сізге оңай болмайды: өз-өзіңізбен жұмыс істеу талап етіледі. Қандай жағдай болмасын, өмірге мұңайып қарамаңыз және басқалардың жайлылығын бұзбай, жағдайға қарай әрекет етуге тырысыңыз. Нәтижесінде, сізге берілген тапсырманың ерекше шешімін табасыз.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек


Сізге өмір шектен тыс тапсырма беріп қойғандай және адал еңбегіңіз үшін марапаттауға асықпайтындай көрінуі мүмкін. Мақтау күтпей, жақсы орындалған ісіңізден ләззат алуды үйреніңіз. Пессимизмге берілмеңіз! Егер қиын болып кетсе, кішкентай қадамдармен асықпай алға жылжыңыз. Мойныңызға қосымша жүктеме алмаңыз.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан


Бұл апта сізді мазалайтын мәселелердің шешімін табуға қолайлы. Шығармашылық жағынан жақсы идеялар келеді, сондықтан бұл апта өнермен байланысты істермен айналысуға қолайлы болмақ. Кез келген іске басқа жағынан қарауға тырысыңыз. Сол кезде балама шешім табуыңыз мүмкін. Егер мәселе өте қиын болып көрінсе, достарыңыздан көмек сұраудан ұялмаңыз.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша


Сізге қоршаған орта үйлесімділігі мен сұлулығы ашылады және ол сіздің шағармашылық қиялыңызды түрлі түстерге бояйды. Тұрмыстық істерге, отбасылық міндеттерге, жақын адамдарыңызбен араласуға уақыт бөлуді ұмытпаңыз. Белсенді демалыс, саяхаттау, отбасыңызбен бірге кірісетін кез келген жұмыс сіздерді жақындатып, өзара қарым-қатынасыңызды жақсартады. Сізге қымбат жандардың қажеттіліктерін түсінуге тырысыңыз. Қазір басқаларға қамқор мен жылулықты қаншалықты көп берсеңіз, орнына соншалықты көп аласыз.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан


Бұл аптада әуреге салынасыз. Істеу керек жұмыс өте көп болады және айналаңыздағы адамдар сізге өз проблемаларын итермелеуге тырысады. Барлық істі өз мойныңызға алмаңыз, ресурстарыңызды үнемдеңіз. Кейде өтініштерге "жоқ" деп айта білу де маңызды. Жалғыз қалуға уақыт табуға тырысып, өзіңіздің ішкі қажеттіліктеріңізді түсініңіз.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар


Іштей өсу, ойлану, даму, терең анализ жасау, өзін-өзі түсіну және өмірлік күшке толу аптасы. Жаңа энергия толқыны сізді жаңа жұмыс бастауға немесе саяхатқа шығуға итермелейді. Алдыңғы айда бастаған шығармашылық идеяңызды толығырақ өңдеуге қолайлы апта. Өз жобаңызға басқа адамдар көзқарасымен қарауға мүмкіндік туады және оның әлсіз тұстарын анықтауыңыз мүмкін.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан


Пікірлес адамдармен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз және өзара тиімді серіктестік іздеңіз. Шығармашылық және қызықты апта, бірақ бұл кезден барынша пайда алу үшін шыдамдылық керек. Білім алуға жақсы кез, себебі қазір сіз кез келген ақпаратты жақсы меңгеріп аласыз. Егер шығармашылық іспен шұғылданатын болсаңыз, ойыңызға келген барлық идеяны жазып жүріңіз. Олар сізге кейін керек болады.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз


Бұл апта әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аптада қиын таңдау жасау керек болады. Жағдайлар ұйымшылдықты қажет етеді. Идеяларыңызды тәжірибеде қолдануға, оның пайдасын түсінуге мүмкіндік туады. Жұмыстарыңызда кедергілер мен кідірістер болуы мүмкін, бірақ бұл уақытша. "Сабыр түбі - сары алтын" - сіздің осы аптадағы ұраныңызға айналуы тиіс.
06 ақпан 2023 ж. 2 259 0