Дәнекерлеу ісінде жаңа мүмкіндіктер

Іс-әрекетте болмаған нәрсе санада да қалыптаспайды. Сондықтан болашақ маман өзара бірлескен белсенді іс-әрекеті арқылы ғана саналы білімдерді қалыптастыруға болады. Осы орайда қаламыздағы іргелі оқу орның бірі Арал индустриалды-техникалық колледжі жас өрендерді біз айтқан техникалық мүмкіндіктерге баулуда маңызды рөл атқарып келеді. Қазірде «TALAP» КЕАҚ қолдауымен «Жас маман» – техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы іске асырылып, «Дәнекерлеуші» мамандығына соңғы үлгідегі «LINCOLN ELECTRIC» заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда «Дәнекерлеу ісі» бойынша шәкірттер күнделікті өз мамандықтарын игеруде. Мұнда түрлі-түсті маталлдармен жұмыс жасап, іскерлік бағытқа бейім жас мамандар өз нәтижелерін көрсетуде.
Дәнекерлеу – бұл бөліктердің материалына қарағанда төменгі балқу нүктесіне иебалқытылған металдың (балқытқыш) осы бөліктердің арасында енгізу арқылыәртүрлі материалдардан бөліктердің интегралдық қосылысын алу үшінпайдаланылатын технологиялық операция. Сондықтан бұл кәсіп бойынша біліктілігін арттырған еліміздің ендігі буыны түрлі салада абыройлы еңбек етіп, еліміздің дамуына айрықша үлес қосары сөзсіз.
Қаржаубай ӨТЕГЕНОВ,
Арал индустриалды-техникалық
колледжінің оқыту шебері