Қызылорда облысының тұрғынынан 26 киіктің ұшасы тәркіленді

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі бойынша «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе шешілуде. Сараптама тағайындалды», делінген Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.