Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуы көтеріледі, тамақтың жұтындырмауы, қарлығуы, мұрынның бітелуі, басауруы, шаршағыштық, аяқ-қол буындарының сырқырауы, түшкіру, жөтелу, құсу, тәбеттің жоғалуы, іш өту белгілері болады,тыныс алуы қиындап, негізінен өкпе жолдарын зақымдайды. Ауру асқынған жағдайда науқас пневмонияға шалдығуы мүмкін. Сонымен қатар өте ауыр асқынулары өкпе мен бүйрек жұмысының әлсіреуіне әкеп соғады.
Коронавирус инфекциясы ең алдымен індетті жұқтырған адамнан сау адамға жақын байланыс арқылы, яғни науқас адам түшкіргенде, жөтелгенде, науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы жұғады. Жұқпаның инкубациялық кезеңі (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-3 күннің ішінде ауру адамнан сау адамға тез жұғады.
Алдыналушаралары
Адам төменде көрсетілген қарапайым сақтық шараларына мән беріп, орындайтын болса, өзін және жақындарын коронавирус инфекциясынан қорғай алады:
-Қолды сабынмен мұқият жиі жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту, қолдарды залалсыздандыратын антисептиктерді пайдалану.
-Түшкіргенде және жөтелгенде беторамал немесе қағаз салфеткаларды пайдалану
-Ауырып жүрген адамдардан аулақ жүру және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде кию, кемінде 1 метр қашықтықты сақтау
-Халық көп жиналатын жерлерге барғанда бетперде киіп жүру
Үй-жайлардың терезе көздерін ашып, жиі желдетіп,тазартып отыру.Бөлме ішінде ылғалды жинау кезінде құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
-Иммунитетті нығайту үшін дұрыс тамақтану, ас құрамына көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
- Салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көп жүру, дененішынықтырумен, спортпен айналысу.
Корнавирус инфекциясынан қорғанудың тиімді әдісі – осы індетке қарсы вакцинациялау болып табылады. Елімізде вакцинация және ревакцинация - тегін, ерікті, егілетін адамның жазбаша ақпараттық келісімімен, баланың ата-анасының немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен егіледі.
Коронавирусты инфекцияға қарсы иммундау, ең алдымен, өз отбасымыздың, балаларымызбен ата-аналарымыздың, туған-туысқандарымыздың және айналамыздағылардың денсаулығы үшін өте маңызды. Вакцинация және ревакцинация денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде жүргізіледі. Қазіргі кезде емханалардың егу кабинеттерінде тұрғындардың өз келісімі бойынша корнавирус инфекциясына қарсы егу шарасы жүргізіліп келеді.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз
денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
М. САДЫҚОВА,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы